Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақшамыз таусылды": 50-ге жуық қазақстандық Өзбекстанмен шекарада тұрып қалды

Опубликовано:

қазақстандықтар
Видеодан кадр: Lada.kz

50-ге жуық қазақстандық Өзбекстаннан елге қайта алмай отыр. Олар 1 шілде күні жабылған екі елдің шекарасындағы бақылау-өткізу бекетінде жүр.

Lada.kz басылымы Өзбекстанмен шекарада тұрып қалған қазақстандықтардың түсірген видеосын жариялады.

Олар 1 шілдеде ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты жабылған "Дәуіт-ата – Тәжен" өткізу бекетінде жүр.

"Ақшамыз таусылуға шақ қалды, нан да жоқ, су да жоқ. Жатар жеріміз жоқ. Кімге жүгінерімізді білмейміз. Қазақстан мен Өзбекстанның консулдықтарына телефон соқтық, ешкім көмектеспейді", - деп шағымдануда қазақстандықтар.

Айтуларынша, аптап ыстықтан шаршағандықтан балалардың дене қызуы көтерілуде.

Бұл оқиғаға қатысты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Бұл жағдай Өзбекстандағы дипломаттарымыздың ерекше бақылауында. Қазір өзбек тарапымен келіссөздер жүргізілуде. Жағдайды тез арада реттеуге бар күш-жігерімізді салып жатырмыз", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

СІМ қазақстандықтардың үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілгенін атап өткен. Ведомство өкілдері қазір олармен тұрақты байланыста.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976918-aqsamyz-tausyldy-50-ge-zuyq-qazaqstandyq-ozbekstanmen-sekarada-turyp-qaldy/

pixel