Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Елена Рыбакинаға халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Фото: Julian Finney/Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, оны тарихи жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды БОРТ №1 Телеграм-арнасы.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, әңгімелесу барысында мемлекет басшысы Еленаның асқан шеберлігін, жеңіске деген ерік-жігерінің және оның кортта өзін ұстау мәдениетінің жоғары екенін атап өткен.

Сондай-ақ президент көрнекті спортшыға Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаның жарқын жеңісі Қазақстан теннисін одан әрі дамытуға, спорттың осы түріне балалардың көптеп тартылуына ықпал етеді деп санайды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы бұған дейін де Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтаған болатын.

Елена Рыбакина жекелей сында "Үлкен дулыға" жарысының жеңімпазы атанған алғашқы қазақстандық теннисші атанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977729-toqaev-elena-rybakinaga-xalyqaralyq-arenada-elimizdin-abyroiyn-asqaqtatqany-usin-algys-aitty/