Елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды
Опубликовано:

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-дағы ресми парақшасында өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырғандардың санын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 15 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай жарияланды. Оған сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1470 жағдайы тіркеліп отыр.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 423;
Алматы қаласында - 494;
Шымкент қаласында – 106;
Ақмола облысында – 27;
Ақтөбе облысында – 4;
Алматы облысында - 132;
Атырау облысында - 27;
Шығыс Қазақстан облысында - 22;
Жамбыл облысында - 54;
Батыс Қазақстан облысында - 12;
Қарағанды облысында - 81;
Қостанай облысында - 14;
Қызылорда облысында - 23;
Маңғыстау облысында - 17;
Павлодар облысында - 12;
Солтүстік Қазақстан облысында - 10;
Түркістан облысында - 12.
Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 315 021 жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978785-elimizde-otken-taulikte-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrdy/