Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда 5 жасар қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр: полиция халыққа үндеу жасады

Опубликовано:

іздеу жұмыстары
Іздеу жұмыстары. Фото: Қостанай облысының полиция департаменті

Қостанай облысында үшінші тәулік қатарынан 5 жасар қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, қызды іздеу жұмыстары күні-түні жүріп жатыр. Оны құтқарушылар мен еріктілер тепловизор көмегімен жүгері мен картоп алқаптарынан қарауда. Себебі, кеше бүлдіршіннің соңғы рет сол маңда болғаны туралы ақпарат тарады.

Осы сағатта 33 гектар және 10 гектарды құрайтын екі жүгері алқабы, сондай-ақ екі картоп алқабы зерттелді.

Бүгін, 9 тамызда іздеу шараларына Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен шекара қызметкерлері қосылған. Таң атқаннан бастап аумақты аралау жалғасуда. Соңғы дерек бойынша, іздеу аймағы 100 гектардан асқан.

Осы орайда полиция қызды іздеуге қатысып жатқан барлық азаматтық тұлғалардың координациясы қажет екенін айтты.

"Барлық іс-қимылды Жамбыл кентінің әкімдігінде орналасқан жедел штаб арқылы келісуді сұраймыз. Координация нөмірі - 8 775 105 91 72", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982346-qostanaida-5-zasar-qyz-balany-izdeu-zumystary-zurip-zatyr-policiya-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel