jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Қостанайда көз жұмған 5 жасар баланың анасы қызын емдету үшін жарты жыл кезек күткенін айтты

бала11
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысында жоғалып кетіп, кейін өлі күйінде табылған 5 жасар Мадина Ерланқызының қазасы көпшілікті ойландырып қойды. Бүлдіршіннің анасына көңіл айту үшін Autism Kazakhstan ұлттық қауымдастығының жетекшісі Нұрия Балтабайқызы да келген. Ол әріптестерімен бірге кішкентай қызды қорғай алмаған мемлекеттік органдарға назын айтты, деп жазады "Наш Костанай" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрия Балтабайқызының айтуынша, Мадинаның анасы қызына көмек сұрап, талай орталықтың есігін қаққан.

"Мадинаның анасы бәрінен көмек сұраған. Бірақ еш жер оған қол ұшын созбады. Оңалту орталығына кезек күтіп жүргенде, анасы Мадинамен үйде айналыса бастайды. Ол өте белсенді бала болатын, бірақ әлеуеті бар еді. Мадина аздап сөйлей бастаған, суретті де жақсы салатын. Қатарластарынан қатты қалып қоймаған, тек гипербелсенділігі басым болатын. Бүлдіршінге дер кезінде көмек берілмегендіктен, осындай қайғылы жағдайға душар болдық. Бұл - қоғам мен мемлекеттің кінәсі", - дейді қауымдастық жетекшісі.

Stop Autism ұйымның жетекшісі Шынар Жалмұхамедова да ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың жанайқайын жеткізді. Оның айтуынша, Мадина күндізгі жартылай стационарда ем алу үшін кезекте алтыншы болып тұрған. Ал ерекше балалармен тегін жұмыс істейтін орталықтар Қостанайда өте аз. Орталықтар арасында ойнатылатын тендер жарты жылға жуық уақыт созылғандықтан, Мадина сол уақыт бойы кезек күткен, дейді маман.

"Жыл сайын 30 балаға жететін сома ғана бөлінеді. Ал ерекше балалар саны, әсіресе, аутизм диагнозы қойылғандар жыл сайын көбейіп жатыр. Біздегі оңалту орталықтарында мамандар жоқ. Ерекше балалардың ата-анасы қыруар құжатты дайындап апарады, ал баламен 20 минуттан артық жұмыс істемейді. Массаж бен электрофарезден басқа ештеңе жоқ... Мемлекеттен қаражат алған соң, толық емдеуді қолға алсын", - дейді Шынар.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова ерекше балаларға бөлінетін квота санының тым аз екенін мойындады.

Еске сала кетейік, Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар Мадина Ерланқызының денесі төрт күннен соң ауыл шетіндегі тоғаннан табылған еді. Аутизм диагнозы қойылған бүлдіршін суға батып кеткен.

Қостанайда көз жұмған 5 жасар баланың анасы қызын емдету үшін жарты жыл кезек күткенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.