Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша мұғалімдер мен дәрігерлер үшін арнайы квота енгізілетін болды

Опубликовано:

пәтер кілті
Көрнекі фото: pexels.com

"Алматы жастары" ипотекалық бағдарламасы бойынша жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін арнайы квота енгізіледі. Бұл туралы Алматы педагогтарының тамыз форумында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды шаһар әкімдігі ресми Telegram-каналында.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы форумда мұғалімдерді қолдау және педагог мәртебесін арттыруға арналған іс-шаралар мен мүмкіндіктер туралы айтылған.

Осы орайда қала әкімі жас мұғалімдер мен дәрігерлердің Алматыда өз баспанасы болу үшін тағы бір мүмікіндікті қарастырғандарын атап өтті.

"Бізде "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы бар. Жыл сайын 1000 адамның тұрғын үй сатып алу үшін арнайы қаржылық жағдай жасаймыз. Бағдарлама кең танылған, бұған жыл сайын көптеген үміткер қатысады. Сол себепті мен әріптестеріммен ақылдасып, келесі жылдан бастап жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін арнайы квота енгізетінімізді мәлімдеймін. 1000 адамға тағы 100 квота қосылады: 50-і жас мұғалімдерге, 50-і жас дәрігерлерге", - дейді Ерболат Досаев.

Бұған қоса, әкім қаржылық мүмкіндік болған кезде жас мұғалімдердің дамуы үшін қосымша іс-шаралар қабылдауға және бағдарламаны кеңейтуге уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984808-almaty-zastary-bagdarlamasy-boiynsa-mugalimder-men-darigerlerge-arnaiy-kvota-engiziletin-boldy/

pixel