Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз": Тоқаев Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлын құттықтады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президент жеделхатта әлемдік деңгейде шаршы алаң шебері атанған боксшыларымыз аз емес екенін, Қазақстан бокс мектебінің абыройын асқақтатуға Жәнібек Әлімханұлының да зор үлес қосып келе жатқанын атап өткен.

"Қажырлы еңбегіңіз бен мұқалмас ерік-жігеріңіздің арқасында қазақтың бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз. Бұл айтулы жетістігіңіз жас өрендеріміздің спортқа, әсіресе боксқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Үлкен спорттағы әр қадамыңыз – олар үшін үлгі-өнеге. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, спортта толағай табыстар тілеймін!", – деп жазылған мемлекет басшысының құттықтау жеделхатында.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985205-toqaev-bokstan-wbo-tuzyrymy-boiynsa-alem-cempiony-atangan-zanibek-alimxanulyn-quttyqtady/

pixel