Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ел президенті қатысатын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қалай атап өтілмек

Опубликовано:

Ахмет Байтұрсынұлы
Көрнекі фото: visitkostanay.kz

Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы аясында Ақкөлде Алаш қайраткерінің ата-анасы жатқан кесенеге топырақ салу рәсімі өтеді. Одан бөлек, ақынның кіндік қаны тамған орында музей үйі ашылады, деп хабарлайды Хабар 24.

Телеарнаның хабарлауынша, мерейтой аясында Торғайда Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының жаңа ескірткіші де ашылады.

"Облысымызда Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған инфрақұрылымдық жобалар жоспарға сәйкес іске асырылып жатыр. Жергілікті тұрғындардың сұрауы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы ауылына апаратын жолдың және Торғай өзені арқылы өтетін көпірдің жөндеу жұмыстары басталып кетті. Сонымен қатар жаңадан медициналық пункт салынып, Ақкөлдегі ауылдық амбулатория жөндеуден өткізіледі", - дейді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Сонымен қатар, телеарна мәліметінше, өңірде қазақ ұлты үшін еңбек еткен тұлғаларға арналып, ескерткіш тас орнатылады. Құрылысшылар күзге дейін жұмысты аяқтауды жоспарлауда.

"Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арнап мемориал салып жатырмыз. Оның ішінде 12 адамның дене топырағы болады. Басына қойылған белгі болады. Соның ішінде біреуі - Ахмет Байтұсырынов. Одан өзге Торғай өңірінде туып, күллі қазақ еліне белгілі болған тұлғалар. Оның ішінде айта кетсек, мысалы, Шақшақ Жәнібек, Ыбырай Алтынсарин, Амангелді Иманов, Кейкі батыр, Ахмет Байтұрсынов, Ахмет Бірімжанов сияқты 12 адам", - дейді туристік кешеннің авторы Сапар Ысқақов.

Сонымен қатар, бір топ филолог-зерттеуші арнайы экспедиция ұйымдастырып, бір кездері Ахмет Байтұрсынұлы қызмет еткен мектепке барған. Телеарна мәліметінше, бұл экспедицияның мақсаты ағартушының көпке беймәлім өмірбаянының осы бір бөлігін толықтыру.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, 5 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985398-el-prezidenti-qatysatyn-axmet-baitursynulynyn-150-zyldyq-mereitoiy-qalai-atap-otilmek/

pixel