Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барады

Опубликовано:

Қостанай қаласы
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында хабарлады.

"Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985371-qasym-zomart-toqaev-zumys-saparymen-qostanai-oblysyna-barady/