jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Аптап ыстық сақталады: Cиноптиктер бүгін елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлады

Жаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 7 қыркүйекте Алматы мен Шымкентте ыстық ауа райы сақталады, ал Нұр-Сұлтанда күн сәл суытады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайты.

Синоптиктердің болжауынша, Алматыда ыстық ауа райы сақталады. Бүгін термометр бағаны +33...+35 градусқа дейін ыстықты көрсетеді. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге жетеді.

Мамандар Шымкентте де аптап ыстық болады деп болжап отыр. Қалада күн +36...+38 градусқа дейін ысиды. Мегаполисте желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады.

Нұр-Сұлтанда ауа температурасы +18...+20 градус, сондай-ақ желдің екпіні 9-14м/с-тан 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде.

Айта кетейік, кеше Төтенше жағдайлар департаменті Алматы қаласының тұрғындарына аптап ыстыққа байланысты тұрғындарға үндеу жасаған.

Аптап ыстық сақталады: Cиноптиктер бүгін елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.