Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мемлекет басшысы анықтайды": Әділет министрі президент сайлауын өткізу мерзімі туралы айтты

Опубликовано:

Ер адам сайлауда дауыс беріп жатыр
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әділет министрлігінің басшысы мәжіліс кулуарында кезектен тыс президент сайлауының мерзімі қашан белгілі болады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл сұрақты министрге журналистер қойды.

"Сайлау мерзімін мемлекет басшысы анықтайды. Жарлық болған кезде білеміз. Президенттік мерзімі бір жарым жылдан кейін ғана аяқталатындықтан, президент өз бастамасы аясында үндеу айтып, жарлық шығарып, сайлау күнін белгілейді", – деп жауап берді Қанат Мусин.

Ол заңда мерзімінен бұрын сайлау өткізу мүмкіндігі қарастырылғанын мәлімдеді.

"Бұл анық факті. Сұрақ мұндай заң жобасы қашан енгізіледі дегенге келіп тіреледі. Бұл заң шығару бастамасының субъектісі ретінде президентке байланысты", – деді министр.

БАҚ өкілдерінің Конституцияға тиісті өзгерістерді енгізу қанша уақытты қажет етеді деген нақтылау сауалына Әділет министрлігінің басшысы былай деді: "Заңда заң жобаларын парламентте қарау мерзімі белгіленбеген.

"Мемлекет басшысы кезектен тыс сайлауды жариялауға қатысты өз Жолдауында түсіндірді және дәлелдеді. Жолдауда мемлекет басшысы президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімін белгілеу туралы бастаманы жария етті", – деп түйіндеді Қанат Мусин.

Естеріңізге салсақ, 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауы барысында Қасым-Жомарт Тоқаев президентті тек 7 жылға сайлауды ұсынып, сонымен қатар мемлекет басшысын мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастама көтерген болатын.

Тоқаев бұл оның қазіргі президенттік мерзімін қысқартса да ол мерзімінен бұрын сайлауға қатысуға дайын екенін айтқан болатын.

Кейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Қазақстанда мерзімінен бұрын сайлау өткізудің не үшін қажет екенін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986614-memleket-bassysy-anyqtaidy-adilet-ministri-prezident-sailauyn-otkizu-merzimi-turaly-aitty/

pixel