Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда тұрғын үйлер мен зираттарды тонап келген 4 адам ұсталды

Опубликовано:

Қайтыс болған адамның қарызын кім төлейді
Зират басы. Фото: ult.kz

Атырауда тұрғын үйлер мен зираттарды тонап келген 4 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, күдіктілердің жасы 29 – 33 жас аралығында.

"Атырау қалалық №2 полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде шаһар аумағындағы тұрғын үйлерге, оған қоса зираттарға ұрлыққа түскен 1989, 1992, 1992 және 1993 жылы туған төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Күдіктілер ақпан-мамыр айлары аралығында алдын ала сөз байласу арқылы Атырау қаласы аумағындағы зираттардан металл айшықтар мен құлпытастарды қолды етіп, марқұмдардың туыстарына 3 млн 570 мың теңгеге материалдық шығын келтірген.

Ұрлықты кәсіп еткендер бұл қылмыстық іс-әрекеттерімен шектелмей, Атырау қаласының шағынаудандарындағы 6 тұрғын үй-жайға заңсыз кіру арқылы әртүрлі өндірістік техникаларды, алтын бұйымдарды, ойын приставкасын, құрылыс құралдарын жасырын жымқырған. Сөйтіп, тұрғын үй иелерін 6 млн теңгеге шығынға батырған", - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Төрт күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігінің 1,2,3) тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Қылмыстық іс заңды шешім шығару үшін сотқа жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988336-atyrauda-turgyn-uiler-men-zirattardy-tonap-kelgen-4-adam-ustaldy/

pixel