jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астана қаласының жаңа рәміздері пайда болмақ

Астана
"Бәйтерек" монументі. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Астана қалалық мәслихаты "Қазақстан республикасының елордасы – Астана қаласының рәміздері туралы" шешім жобасын дайындады. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Шешім жобасы 20 қыркүйекте жарияланды, қоғамдық талқылау 4 қазанға дейін жалғасады.

Авторлар Қазақстанның елордасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы мен қолдану тәртібін бір ізге келтіруді ұсынып отыр. Төменде елорданың елтаңбасының сипаттамасы берілген.

"Астана қаласының елтаңбасы көгілдір түс аясында алтын түсті "Бәйтерек" пен "Шаңырақ" бейнеленген екі нышан орналасқан дөңгелекті білдіреді. "Бәйтерек" белгісі негізінде "Құсқанаты" оюы орналасқан, оның төменгі жағында стильді "Н" әрпі орналасқан, "Құсқанаты" оюы және "Н" әрпі алтын түсті.

"Шаңырақ" белгісі мен "Құсқанаты" оюының сыртқы жағы жасылмен көмкерілген. Сыртқы сақинаның көмкерілген жерінде сол және оң жақтарында қызыл аяда алтын түсті "Бөрікөз" оюы орналасқан. Елтаңбаның төменгі жағында алтын түстес аяда қызыл түсті ASTANA деген жазуы бар. ASTANA жазуының сол және оң жағында алтын түсті үш симметриялы сызықтар орналасқан", - делінген жобада елтаңба туралы.

Сондай-ақ құжатта елорда туының да сипаттамасы берілген.

"Астана қаласының туы ені мен ұзындығы 1:2 қатынастағы ортасында Астана қаласының елтаңбасы орналасқан тік бұрышты жайматөсемді білдіреді, одан жан-жаққа алтын түстегі күн сәулелері шашылып тұрады", - делінген құжатта.

Соныме қатар авторлар Астана қаласының туы мен елтаңбасының қолданылуын реттейтін нормаларды әзірлеген.

Еске сала кетейік, 17 қыркүйекте ел астанасына ресми түрде бұрынғы атауы қайтарылды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.

Астана қаласының жаңа рәміздері пайда болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.