jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Алматы қорығында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Ормандағы қар барысы
Ормандағы қар барысы. Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматы қорығына қойылған жасырын камераға қар барысы түсіп қалды. Бұл сәттің видеосын Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Instagram-аккаунтында бөлісті.

Қорық аумағына қойылған жасырын камераға қар барысы екі кішкентай таутанымен (болжаммен 9 айлық) 2022 жылдың 23 ақпанында түсіп қалған.

Айта кетейік, елімізде қар барысы Алматы қорығы аумағында теңіз деңгейінен 1200-4900 метр биіктікте мекен етеді.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің соңғы есебі бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақта шамамен 24-26 қар барысы бар.

Еске салайық, бұған дейін "Алтын-Емел" ұлттық саябағында фототұзаққа түсіп қалған қар барысы туралы жазған болатынбыз. Жарияланған кадрларда жануар алдымен камераға жақындайды, содан кейін камера тұзағымен ойнай бастайды.

Ал маусым айында "Көлсай көлдері" ұлттық саябағында қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы фототұзаққа түсіп қалған еді.

Алматы қорығында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.