Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы ұзын-сонар кезек азайды

Опубликовано:

"Сырым" шекара бекеті
"Сырым" шекара бекеті. Фото: Mgorod.kz

"Мой город" порталының тілшілері 2 қазан күні бұған дейін бірнеше шақырымға созылған кезек байқалған Қазақстан-Ресей шекарасында болды. Журналистер жағдайдың тұрақталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Басылым тілшілері "Сырым" (Ресей Федерациясынан "Маштаково") шекаралық өткізу пунктіне барған. Бірнеше күн бұрын мұнда бірнеше шақырымға созылған ұзын-сонар кезек пайда болып, "бизнес" өркендеген болатын. Яғни Ресей жағынан азық-түлік пен бензин шекарадан өткісі келетіндерге үш есе қымбатқа сатылған.

2 қазанда шекарадағы жағдай мүлде өзгерген. Жеті шақырымға созылған жүк көліктерінің кептелесі екі шақырымға дейін қысқарған. Жеңіл көліктер де біршама азайған.

Шекара бекетінде такси жүргізушілерінің саны да азайған.

Басылымның жазуынша, бір-екі адам ғана өз қызметтерін ұсынып жүр, дегенмен нақты бағасын айтпай, "келісуге болатынын" айтады.

Алғашқы күні яғни Ресей азаматтары келе бастағанда адамның көптігінен таксистер жолаушыларды шекара бекетінен Оралға дейін екі мың рубльге (16 мың теңгеден асады) алып кетіп отырса, қазір баға екі есе арзандаған.

Журналистер БҚО-ға 29 қыркүйекте келген, бірақ досымен кездесу үшін шекараға қайта келген Ресей азаматын әңгімеге тартқан.

"28 қыркүйек күні көптеген адам әскерге шақыру қағазын алды. Сондықтан олар енді ешқайда шыға алмайды. Ал мобилизацияға ілікпегендер шекарадан кедергісіз өтуде", дейді ер адам.

Басылымның хабарлауынша, Ресей тарапынан транзиттік жүк көліктері мен Өзбекстанның отызға жуық азаматы кезекте тұрғаны ғана байқалады. Қазақстан тарапынан жеңіл көліктер бойынша кезек жоқ.

Еске салайық, Қазақстан-Ресей шекарасындағы ұзын-сонар кезек Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін пайда болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990710-qazaqstan-men-resei-sekarasyndagy-uzyn-sonar-kezek-azaidy/

pixel