Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында суға батып кеткен үндістандық студенттердің бірінің денесі табылды

Опубликовано:

Ақсу өзені
Ақсу өзені. Фото: Түркістан облысы ТЖД

Биыл 26 маусымда Түркістан облысы Төле би ауданы Ақсу шатқалындағы Ақсу өзеніне демалуға барып, суға батып кеткен үндістандық студенттің денесі табылды, деп хабарлайды өңірлік ТЖД Instagram парақшасында.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қазан күні сағат 13:15-те Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Ақсу өзенінен Ханарық ауылының солтүстік жағынан төмен қарай 1,5 шақырым жерде бір адамның мәйітін тапқан.

"Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Қалған бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Іздеу жұмыстарына Республикалық жедел-құтқару жасағынан 5 құтқарушы, 1 жүзу құралы, Түркістан облысы ТЖД 7 құтқарушы, 1 жүзу құралы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, биыл 26 маусымда Түркістан облысы Төле би ауданы Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы екі студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан барған. Барлығы Үндістан азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992124-turkistan-oblysynda-suga-batyp-ketken-undistandyq-studentterdin-birinin-denesi-tabyldy/

pixel