jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Не деген сұлулық": Баянауыл тұрғыны "Қызыл кітапқа" енген арқарды видеоға түсіріп алды

арқар
Арқар. Фото: Instagram/yessen1702

Баянауылда "Қызыл кітапқа" енген арқар бейнекамераға түсіп қалды. Жануар Павлодар облысындағы далалық кеңістікте жүрген. Видеоны жергілікті тұрғын түсірген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арқардың дала кезіп жүрген сәті түсірілген шағын видеоны жергілікті тұрғын Instagram желісінде жариялады. Кадрлардан аталық арқардың жалғыз жүргенін көруге болады.

Айта кетейік, Қазақстан арқары немесе тау арқары – арқар тұқымдастардың өкілі, қуысмүйізділер тармағына жатады. Бұл жануар Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген.

Желі қолданушылары сирек кездесетін жануардың сұлулығына тәнті болды.

"Не деген сұлулық, көз алмайсың", "Мүйізі қандай керемет", "Баға жетпес кадрлар", "Жабайы табиғаттың сұлулығын бөліскеніңіз үшін рахмет", - деп жазды олар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қорығында қар барысы бейнекамераға түсіп қалған болатын.

"Не деген сұлулық": Баянауыл тұрғыны "Қызыл кітапқа" енген арқарды видеоға түсіріп алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.