jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Жанқиярлық ерлігін көрсетті": Тоқаев өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Серікұлы Забикулиннің қызметтік борышын атқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Асқар Серікұлы төтенше жағдайлар саласында еңбек етіп, елімізге адал қызмет етудің үлгісін көрсете білген азамат еді. Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде оқиға орнына шұғыл жетіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды. Осы бір әрекеті арқылы ол Отан алдындағы азаматтық антына берік екенін және жанқиярлық ерлігін көрсетті. Оның есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ президент тапсырмасы бойынша ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Астана қаласындағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады.

Еске сала кетейік, 16 қарашада Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатында орналасқан пәтерден өрт шығып, бірнеше адам ауруханаға түскен болатын. Олардың арасында отқа оранған пәтерден өмірін қатерге тігіп, бес адамды құтқарған өрт сөндірушілер де бар.

Кейін өрт сөндірушілердің бірі - Асқар Забикулиннің жағдайы ауыр екені, екінші науқастың жағдайы орташа дәрежеде екені белгілі болды.

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанын, алайда Асқар Забикулиннің өмірін сақтап қала алмағанын жеткізді.

"Жанқиярлық ерлігін көрсетті": Тоқаев өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.