Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шамамыз жетеді дейді:" Ажар Ғиният Екібастұз ауруханаларындағы жағдай туралы айтты

Опубликовано:

Екібастұз көшелерінің бірі
Екібастұз. Фото: Іnstagram.com/nikita.konyukhov

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният сенат кулуарында Екібастұз ауруханаларындағы жағдай туралы айтты. Апат салдарынан қала аязда бірнеше күн жылусыз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ажар Ғиният журналистерді Екібастұз қаласының медициналық ұйымдарындағы жағдай апаттың алғашқы күндерінен бастап бақылауда екеніне сендірді. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне екі-үш сағат сайын жаңа мәліметтер келіп түседі.

"Бүгін ауа температурасы (палаталардағы – ред.) 21-22 градусты көрсетіп тұр, кей жерлерде 24 градусқа дейін жетеді. Оқиғаның бірінші күнінен ауыр науқастар, жүкті әйелдер жағдайына қарай дереу Павлодарға жеткізілді, психиатриялық стационардың науқастары да Павлодарға эвакуацияланды. Қай жерде науқастарға жағдай бар, сол ауруханаларда науқастар ем-дом алып жатыр", – деп қосты министр.

Ол дәрі-дәрмектің жеткілікті екенін атап өтті.

"Министрлік тарапынан ешқандай қосымша сұраныс немесе қажеттілік жоқ, өйткені ол үнемі бақылауда, шамамыз жетеді дейді. Біз тіпті оларды бейнебақылау арқылы да бақылап отырмыз. Босанған әйелдер бірден Павлодарға жіберіледі", – деді министрлік басшысы.

Айта кетейік, ауа райын болжайтын орталық мәліметіне сәйкес, бүгін Екібастұзда ауа температурасы 17 градус аязды көрсетіп тұр. Кеше дәл осы уақытта қалада 19 градус аяз болды.

Еске салайық, 27 қарашада түнде Екібастұз тұрғындары жылу электр орталығындағы бірнеше қазандық қондырғысының тоқтап қалуына байланысты жылусыз қалған болатын.

Кейін қалада төтенше жағдай жарияланып, Павлодар облысының прокуратурасы қызметтік міндеттеріне адалдық танытпау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сейсенбі күні кешке Әлихан Смайыловтың тапсырмасымен Екібастұзға Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен вице-премьер-министр Серік Жұманғарин келді.

Сәрсенбі күні Екібастұзға Қазақстан үкіметінің басшысы өзі келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999951-samamyz-zetedi-azar-giniyat-ekibastuz-auruxanalaryndagy-zagdai-turaly-aitty/

pixel