jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Іле-Алатау ұлттық саябағында қар барысы видеоға түсіп қалды

Қар барысы
Ормандағы қар барысы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының Ақсай филиалында қар барысы видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ұлттық парктің Instagram желісіндегі ресми парақшасы.

Видеодағы кадрдан қар барысының ағаштардың ортасында аяңдап кетіп бара жатқанын көруге болады.

Іле-Алатау ұлттық саябағының мамандары ілбістің ұлттық саябақ аумағын бұрыннан мекен ететінін айтты.

"Ұлттық парктің ғылыми-зерттеу қызметкері мен Ақсай филиалының аңтанушы-биолог маманы 05.12.2022 ж. бастап Ақсай филиалында зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Әрі қарай Ұлттық парк пен Зоология институты арасында ғылыми әріптестік келісімшарты негізінде жұмыстар атқарылады", – делінген хабарламада.

Ақсай сайындағы адамдарға жақын мекендеп жүрген ілбіс мемлекеттік инспекторлардың қадағалауында.

Соңғы мәліметтер бойынша, қазір елімізде 140-180-ге жуық қар барысы мекендейді.

Еске салсақ, қазан айында Алматы қорығында қар барысы камераға түсіп қалған болатын.

Іле-Алатау ұлттық саябағында қар барысы видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.