Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Барыс жылы туған балаларға қандай есімдер жиі қойылған

Опубликовано:

балалар
Ойнап отырған балалар. Көрнекі фото: pexels.com

Барыс жылы да аяқталуға жақын. Дәстүрге сай KAZ.NUR.KZ биыл да соңғы 12 ай бойы балаларға ең жиі қойылған есімдерді қарап шықты.

Ұлдарға жиі қойылған есімдер

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2022 жылы қаңтар айында ұл балаларға Әлихан, Бейбарыс, Айсұлтан аттары жиі қойылған.

Ақпан, наурыз айларында туған балалардың көпшілігі Әлихан, Әмірмен қатар Алдияр есіміне ие болған.

Ал сәуір айына дөп келген ораза кезінде ұлдарға әдеттегідей Рамазан, Айсұлтан есімдері жиі қойылған. Мысалы, биыл ораза айында 1460 балаға ата-анасы Рамазан деп ат қойған.

Маусым айында үздік үштікке Омар есімі де енген.

Шілде, тамыз айларында Қазақстанда ұлдарға Алан есімін қою сәнге айналған.

Айта кетерлігі елімізде әзірге ұл балаларға арналған ең танымал есім Әлихан болып қала бермек. Бір қызығы - Рамазан айын есепке алмағанда, ай сайын Қазақстанда 300-ге жуық Әлихан дүниеге келіп отырады екен.

Қыздарға қойылған танымал есімдер

Биыл жыл басында Медина, Айлин, Айша есімдері қыздарға қойылған ең танымал аттар қатарында. Сондай-ақ бұл тізімге ақпан айында Асылым есімі де қосылған.

Ал сәуір айының оразаға сәйкесі келуіне байланысты дүниеге келген қыздарға Раяна есімі жиі қойылған.

Қалған айларда үздік үштік тізімі өзгермеген.

Бұл есімдерден бөлек қазақстандықтар арасында қыз балаларды биыл Сафия және Томирис есімдерімен атау жиілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001195-barys-zyly-tugan-balalarga-qandai-esimder-zii-qoiylgan/

pixel