Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды

Опубликовано:

қолы кісендеулі әйел
Қолы кісендеулі әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің екі дерегі, соның ішінде адам ұрлау фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми Telegram-арнасында хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 млрд теңгеден асады.

Биыл 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға жіберілген.

Антикордың хабарлауынша, Гүлмира Сатыбалды және оның бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелген.

Осы факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілген.

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдының ұсталғаны белгілі болды. Жемқорлыққа қарсы агенттік Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Одан бөлек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдының Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Сонымен қатар қыркүйек айында Антикор Гүлмира Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорынның қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002005-gulmira-satybaldyga-qatysty-tergeu-ayaqtaldy/

pixel