Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде тозығы жеткен ЖЭО-ларды жөндеуге қанша қаражат керек: Ақшолақов жауап берді

Жарияланған күні:

ЖЭО
ЖЭО. Көрнекі фото: pixabay.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақов бүгінгі үкімет отырысында Қазақстанның жылу электр орталықтарын (ЖЭО) жөндеу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болат Ақшолақов тозу дәрежесі бойынша "қызыл" аймаққа енген ЖЭО үшін негізгі жабдықтарды күрделі жөндеу, 98 қазандықты, 54 турбинаны қайта құру, жаңғырту көлемі белгіленгенін жеткізді.

"Бенчмаркинг аясында жүргізілген алдын ала есептеулер бойынша аталған жұмыстарды орындау үшін 182 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қажет. Іске асыру мерзімі – 2023 жыл. Электр және жылу энергиясына бекітілген тарифтерді ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдарды жөндеу үшін көзделген ақшалай қаражат 93 млрд теңгені құрайды" , – деді ол.

Сонымен қатар, министр қазіргі уақытта бекітілген тарифтер аясында электр және жылу энергиясын сатудан түскен электр станцияларының кірісі толық жөндеу жұмыстарына кеткен шығынды өтей алмайтынын атап өтті.

Осылайша, жеткіліксіз қаржыландыру көлемі 88 млрд теңгені құрап отыр. Осыған орай, коммуналдық және квазимемлекеттік меншіктегі 12 ЖЭО-да жоғарыда аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін министрлік мемлекеттік бюджеттен, ал 22 жеке ЖЭО-ны меншік иесі есебінен қаржыландыруды ұсынды.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығындағы бірнеше қазандық қондырғысының тоқтап қалуына байланысты қала тұрғындары жылусыз қалған болатын. Қалада төтенше жағдай жарияланып, ол бір жарым аптадан кейін ғана жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002220-elde-tozygy-zetken-zeo-lardy-zondeuge-qansa-qarazat-kerek-aqsolaqov-zauap-berdi/