Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Опубликовано:

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: gov.kz

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі ресми сайтында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, биыл 16 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

Олар "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында бюджет қаражатын (146 миллион теңге сомасында) жымқыру белгілері бойынша күдікке ілінген.

Екі аптадан кейін Ұлттық музейдің директоры, бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын екі ай қамауға алу туралы шешім шығарылды.

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі бүгінге дейін ұзартылып келе жатыр.

Сондай-ақ Антикор қылмыстық іске қатысты жаңа мәліметтерді бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002413-arystanbek-muxamediulyn-qamauda-ustau-merzimi-tagy-uzartyldy/

pixel