Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында өлі аққулардан құс тұмауы табылды

Опубликовано:

Аққулар
Аққулар. Көрнекі фото: Рexels.com

Апта басында Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде өлген аққулардың өлекселері табылғаны хабарланған болатын. Бүгін өлген құстардан алынған материалдардың сынамаларынан құс тұмауының оң нәтиже бергені белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

"Ветеринария ұлттық референттік орталығы" ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілген өлген аққулардан алынған патологиялық материалдардың үлгілері құс тұмауы бойынша оң нәтиже берді. Қаракөл көлі осы жабайы құстардың ұшу кезінде аялдайтын тұрақтарының бірі. Қазақстанның барлық аумағында дерлік мекендейтін сұңқылдақ құстар мұз құрсауында қалған, – деп хабарлады Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінен.

Ведомствода инфекцияның таралуын болдырмау үшін 18 мыңнан астам доза вакцина бөлінгені атап өтілді. Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың мамандары жұмылдырылған.

"Жергілікті атқарушы органдар құс тұмауы бойынша тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында тұрғындар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ветеринарлары, аңшылар, қорықшылар және басқа да мүдделі тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Құс фабрикаларында ветеринариялық шаралар, оның ішінде жабайы және синантропты құстардың жем-суға қол жеткізуіне, жанасуға жол бермеуі күшейтілді", – деп толықтырды комитет.

Соған қарамастан, мамандардың айтуынша, республикада үй құстары арасында тұмау бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Үй құстарында ауру белгілері байқалмайды. Аумақтық инспекциялар эпизоотиялық жағдайды бақылауға алды.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында Қаракөл көлінен өлген аққулардың өлекселері табылған болатын. Мәліметтер бойынша, Қаракөл көлінде 10 мыңға дейін құстар қыстайды.

Бастапқыда құстар суықтан өлді деген болжам айтылған еді. Кейін Экология министрі Серікқали Брекешев тағы бір себеп газдың шығарындысы болуы мүмкін екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002878-mangystau-oblysynda-oli-aqqulardan-qus-tumauy-tabyldy/

pixel