jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде оқушылардың қысқы каникулы қанша күнге жалғасады

Аққала жасаған бала. Көрнекі сурет
Аққала жасаған бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

2022-2023 оқу жылында қысқы каникул 31 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін (8 қаңтарды қоса алғанда) жалғасады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, осы аптада қазақстандық оқушылар үшін сегіз аптаға созылған екінші тоқсан аяқталады.

Осыдан кейін мектеп оқушылары қысқы каникулға шығып, 31 желтоқсан-8 қаңтар (8 қаңтарды қоса алғанда) аралығында демалады.

Айта кетерлігі, 2022-2023 оқу жылында 2-11 сынып оқушылары үшін оқу жылы 36 аптаны құрайды. Ал бірінші сынып оқушылары 35 апта оқиды, себебі оларға қыста қосымша тағы бір апта демалыс беріледі.

Еске салсақ, бұған дейін оқу-ағарту министрлігі "Оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы" бұйрықтың жаңа нұсқасын ұсынған болатын.

Сонымен қатар ведомство демалыстың қысқаруы туралы қауесеттерге жауап беріп, мектеп оқушыларының каникул кезеңі өзгеріссіз қалатынын мәлімдеген еді.

Елімізде оқушылардың қысқы каникулы қанша күнге жалғасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.