jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: primeminister.kz

Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы министрі әрі Ұлттың музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"2023 жылдың 17 қаңтарында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А. Мұхамедиұлына қатысты қамауда ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты", - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, Ұлттық музейдің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат өткен жылдың мамыр айында белгілі болған еді.

Сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі музей басшылығы мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарттың аясында 146 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Кейін Арыстанбек Мұхамедиұлының ауруханада жатқаны туралы ақпарат тараған еді.

Сондай-ақ бұрынғы мәдениет және спорт министрін қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды.

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.