jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бұрын McDonald's атауымен жұмыс істеген мейрамханалар Астанада да қайта ашылды

тапсырыс
Тапсырыс. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

25 қаңтарда Астана қаласында бұрын McDonald's атауымен жұмыс істеген Food Solutions KZ ЖШС компаниясының басқаруындағы 3 мейрамхана жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Компанияның мәліметінше, жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі қажетті өнімдерді алған және келушілерді қабылдауға дайын.

Сондай-ақ компания өкілдері жабылу уақытына дейін жұмыс істеген мейрамханалардағы барлық қызметкердің жұмыс орны, жалақысы және басқа да еңбек шарттары толық сақталатынын атап өтті.

"Мейрамханалардың жұмысы осыған дейін қабылданған сапа мен қызмет көрсетудің барлық жоғары стандарттарын, сондай-ақ бизнесті жүргізудің құндылықтары мен принциптерін ескере отырып жалғасады", - деп қосты Food Solutions KZ ЖШС компаниясының өкілдері.

Астанада өз жұмысын қайта бастаған мейрамханалардың мекенжайы:

  • Қабанбай батыр даңғылы 26;
  • "Mega Silk Way" ОСО, 2-қабат, фудкорт аймағы, Қабанбай батыр даңғылы 62;
  • Сарыарқа даңғылы 9 "Д".

Айта кетейік, бұрынғы McDonald's мейрамханаларының жұмысы 23 қаңтарда Алматыда қайта жанданған еді. Әзірге мейрамханалардың атауы жоқ.

Компания жақын арада жаңартылған ас мәзірі, басқа мейрамханалардың ашылу кестесі және жаңа атау туралы толық ақпарат ұсынатынын жеткізді.

Бұрын McDonald's атауымен жұмыс істеген мейрамханалар Астанада да қайта ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.