Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы McDonald’s мейрамханалары Қазақстанның тағы екі қаласында өз жұмысын бастайды

Опубликовано:

Бургер. Көрнекі сурет
Бургер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бұған дейін McDonald’s брэндімен жұмыс істеген, "Food Solutions KZ" басқаруындағы тағы алты мейрамхана Алматы, Қарағанды және Қостанайда ашылатын болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания ұсынған мәліметтерге сәйкес, 26-27 қаңтар күні Алматыда тағы 4 мейрамхана ашылса, Қарағанды мен Қостанайда тағы бір мейрамханадан ашылатын болады.

Тамақтану орындарының мекенжайлары төмендегідей:

Алматыда:

  • MEGA Park (Мақатаев к., 127/1, және Сейфуллин д., 483);
  • Мамыр-4, 197;
  • Тимирязев к. 38/3 үй;
  • Ақсай-2, 8а;

Қарағандыда

  • Бұқар-Жырау д., 75/14;

Қостанайда

  • Тәуелсіздік к., 41.

Cонымен бірге компанияның баспасөз қызметі барлық қажетті өнім көлемін алғанын әрі меймандарды қарсы алуға дайын екендерін хабарлаған. Ал бұрынғы McDonald’s мейрамханаларының қызметкерлері өз жұмыс орындарын сақтап қалған.

"Мейрамхана жұмысы бұған дейін қабылданған сапа мен қызмет көрсетудің барлық жоғары стандарттаына сай жалғасатын болады, сондай-ақ бизнесті жүргізу қағидаттары да ескеріледі", - дейді компания өкілдері.

Айта кетейік, мейрамханалардың жаңа атауы әлі белгісіз, компания өкілдері оны кейінірек хабарлайтынын айтады.

Еске салсақ, бұған дейін McDonald's мейрамханалар желісі Қазақстанда жұмыс істемейтін хабарлаған едік. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда "McDonald’s" желісінің жабылуына қатысты пікір білдірген болатын.

Кейінірек, McDonald’s мейрамханалар желісінің Алматыда бес, Астанада үш мейрамханасы қайта ашылғанын хабарлаған едік. Алайда мейрамхана сыртында McDonald’s жазуының орнына "Біз ашықпыз" деген жазу ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006864-buryngy-mcdonalds-meiramxanalary-qazaqstannyn-tagy-eki-qalasynda-oz-zumysyn-bastaidy/

pixel