jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Ақтауда үстіне диван құлаған ер адамның омыртқасын дәрігерлер имплантпен алмастырды

науқас
Науқас. Көрнекі фото: Рixabay.com

Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары Ақтауда үстіне диван құлап, салдарынан мойын омыртқасы сынып, жұлыны зақымданған науқасқа операция жасады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда 6-қабаттан лақтырылған жиһаз үстіне түскен 39 жастағы азаматтың ауыр зардап шеккенін хабарлаған едік.

Туыстары оның мойын омыртқасы сынып, аяқ-қолы істемей қалғанын айтқан болатын.

Белгілі болғандай, елордалық дәрігерлер Ақтауға келіп, оған ота жасап, омыртқасын алмастырған.

"Науқастың омыртқасы толықтай имплантпен алмастырылды. Жұлынды қысып тұрған бөлшектер алынып, жұлын босатылды. Операциядан кейінгі жағдайы бірқалыпты тұрақты ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде", – дейді облыстық аурухана нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Думан Мырзабеков.

Дәрігерлер алдағы уақытта науқасты бөлімшеге шығару жоспарланып отырғанын атап өтті.

Ақтауда үстіне диван құлаған ер адамның омыртқасын дәрігерлер имплантпен алмастырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.