Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түнде және таңертең тұман күтіледі: ТЖД алматылықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

тұманды күн
Тұманды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына ауа райына байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, бейсенбі яғни 2 ақпан күні түнде және таңертең Алматы қаласында тұманды ауа райы күтіледі.

Осыған байланысты ТЖД өкілдері көлік жүргізушілерін аса сақ болуға шақырып отыр.

Құтқарушылар мүмкін болса, тұманды жағдайда сапарды кейінге қалдырып, ауа райының жақсаруын күткен дұрыс екенін атап өтті.

Сондай-ақ мамандар көлік айдағанда жылдамдықты асырмау қажеттігін, бұл қауіпсіздігіңіздің басты кепілі екенін еске салды.

"Туристер мен демалушылардан да таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз! ️Егер көмек қажет болса, 112, 109 желісіне немесе 8(727) 372 -15-60 (Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) нөмірі бойынша хабарласыңыз", – дейді ТЖД өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер елімізде ақпан айында ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007658-tumandy-aua-raiy-kutiledi-tzd-almaty-qalasynyn-turgyndarga-undeu-zasady/

pixel