jitsu gif

Жаңбыр, +10 градус жылы: бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер бейсенбі, 2 ақпанда еліміздің үш ірі қаласы - Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күндіз термометр бағаны +6...+8 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы 0...-2 градусқа дейін төмендейді. Мегаполисте жаңбыр жауады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с дейін жетуі мүмкін.

Шымкент тұрғындарын да дәл осындай ауа райы күтіп тұр. Синоптиктер бүгін қалада жаңбыр жауады деп болжайды, ауа температурасы +8...+10 градус, желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 17-22 м/с болады деп күтілуде. Ал түнде термометр бағаны 0...+2 градусқа дейін төмендейді.

Астанада бүгін жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтілуде. Күндіз сынап бағанасы -10...-12 градусқа дейін, түнде -23...-25 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қалалық ТЖД 2 ақпан күні түнде және таңертең Алматы қаласында тұманды ауа райы күтілетінін, сондықтан көлік жүргізушілерін аса сақ болуға шақырған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.