jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов алдағы уақытта немен айналыспақ

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі қызметінен босатылған Асхат Аймағамбетов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында алдағы уақытта университетте сабақ бермек ниетте екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Журналист Асхат Аймағамбетовтің университетте ұстаз болып жұмыс істеуге дайындалып жатқанын атап өтті. Өз кезегінде экс-министр бұл ақпаратты растады.

"Иә. Бұдан да басқа жоспарлар бар. Бірақ қазіргі уақытта дәл осындай шешім қабылдадым. Маған бұл өте қызық. Кезінде өзім біраз жыл ұстаз болып жұмыс істегеннен кейін әрқашан жүрегіме жылы, жақын болып тұрады", - деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі қызметінен босатылған кезде балаларының қатты қуанғанын айтқан еді.

Министрдің сөзінше, бұл жаңалықты зейнеттегі анасы да жақсы қабылдаған.

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов алдағы уақытта немен айналыспақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.