Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Генерал-майор Нұрлан Мәсімовке айыппұл салынды

Опубликовано:

Нұрлан Мәсімов
Нұрлан Мәсімов. Фото: Рavlodarnews.kz

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке қатысты екі әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы облыстық соттың ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Павлодар қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 234-1-бабы (Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану) бойынша істер қаралды.

Полиция департаменті бюджеттік қаражатты жоспарлау кезінде заң талаптарын бұзып, соның салдарынан қызметтік жануарларға жем сатып алу кезінде табиғи нормаларды асыра бағалауға жол бергені анықталды.

"2021 жылы қызметтік жануарларға жем сатып алуға 60 872 100 теңге қаражат бөлінді. Алайда полиция департаменті нормаларды бұза отырып, 18 бас жылқыға 10 693 000 теңгеге жем-шөп нормасын асыра жоспарлаған.

2022 жылы қызметтік жануарларға жем сатып алуға 13 394 000 теңге қаражат бөлінді. Алайда полиция департаменті нормаларды бұза отырып, 18 жылқыға 8 503 400 теңгеге артық жем беруді жоспарлаған. Тиімсіз жоспарлау бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға әкеп соқты", – деп атап өтті сот.

Сот Мәсімовтің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, аудиторлық есептермен, тексеру комиссиясының материалдарымен, айғақтармен және басқа да дәлелдемелермен дәлелденгенін атап өтті.

Сот Нұрлан Мәсімовке әрбір іс бойынша 214 410 теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау кезінде іс жүргізу нормаларын бұзғаны үшін жеке қаулы шығарылды.

Айта кетейік, 2022 жылдың сәуір айында Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланғаны белгілі болды. Шілде айында ол шекарадан өтпек болған жерінен ұсталды.

Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық істің сотқа жолданғанын хабарлады. Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары болған Д.Сиразидимов және кәсіпкер Е. Евкович ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.

Экс-полицейлерге 90,3 миллион теңге көлемінде пара алды және 420 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Сондай-ақ 2023 жылғы 6 қаңтарда Нұрлан Мәсімовке қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008924-general-maior-nurlan-masimovke-aiyppul-salyndy/

pixel