jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Түркияда жер сілкінісінен аман қалған қазақстандық Сабина Мамадияроваға ота жасалды

Ота
Ота. Көрнекі фото: Рixabay.com

Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Түркиядағы жер сілкінісінен аман қалған қазақстандық Сабина Мамадиярованың жағдайы туралы белгілі болды. Оған Адана қаласындағы мемлекеттік ауруханада ота жасалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадиярованың Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында жатқаны белгілі. Кеше оның жарақат алған қолына ота жасалды, жағдайы тұрақты. Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен тұрақты байланыста, ол қажетті медициналық көмекті алып жатыр. Бүгін консулдың өзі оған барып, қал-жағдайын біледі", – деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, Түркиядағы жер сілкінісінен аман қалған қазақстандықтың табылғаны жайлы 8 ақпанда белгілі болды. Қыз үйінді астынан табылды.

Сондай-ақ бүгін Түркиядағы жер сілкінісінен кейін тағы бір қазақстандық әйелді іздеп жатқаны белгілі болды. Ол 6 ақпаннан бері байланысқа шақпаған.

Түркияда жер сілкінісінен аман қалған қазақстандық Сабина Мамадияроваға ота жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.