jitsu gif

Сирияға Қазақстаннан 50 тонна гуманитарлық көмек барды (фото, видео)

Сирия
Фото: iofs.org.kz

Қазақстаннан гуманитарлық көмек Сирияға жеткізілді. Зардап шеккен аймаққа көмек беру рәсімі Алеппо қаласының әуежайында өтті, деп хабарлайды Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының ресми сайты.

"Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (IOFS) қолдауымен Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізді", - делінген ұйымның сайтында.

Гуманитарлық көмек
Фото: iofs.org.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырған болатын. Бүгін, 10 ақпан күні таңертең Қазақстан үкіметі Сирияға гуманитарлық көмек бөлетінін хабарлады.

Еске салайық, Қазақстан Түркияға, сондай-ақ жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан оның құтқарушылары мен дәрігерлеріне 1 миллион долларға көмек жіберген болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.