Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі сәуірдің ортасына дейін ұзартылды

Опубликовано:

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы: Facebook/Арыстанбек Мұхамедиұлы

Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылдың 13 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А. Мұхамедиұлының қамауда болу мерзімін 2 айға ұзартты", - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, сот биыл 17 қаңтарда Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімін бір айға - 17 ақпанға дейін ғана ұзартқан еді. Енді соттың қорытындысына сәйкес, ол сәуір айының ортасына дейін қамауда болады.

Еске салайық, Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық іс былтыр мамыр айында қозғалған еді. Сол кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұражай басшылығы мемлекеттік сатып алу келісімі аясында 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Сол күні бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.

Мамыр айының соңында экс-министр ұсталып, екі айға қамауға алынды. Осы уақытқа дейін Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі бірнеше рет ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009296-arystanbek-muxamediulyn-qamauda-ustau-merzimi-sauirdin-ortasyna-deiin-uzartyldy/

pixel