Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда зілзаладан зардап шеккен халық киіз үй үшін қазақтарға алғыс білдірді (фото, видео)

Опубликовано:

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге қазақтардың атынан берілген киіз үй
Киіз үй. Фото: instagram.com/nurbek_bekbau

Біраз уақыт бұрын журналист Нұрбек Бекбау Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде киіз үй жіберу үшін халықтан жылу жинап, жүзден астам киіз үйді Түркия еліне жеткізген болатын. Қазақстаннан 12 жігіт киіз үйді құру үшін Түркия еліне аттанды. Зілзала салдарынан зардап шеккен Түркия халқы қазақстандықтарға киіз үй үшін алғыс білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы киіз үйге жылу қинаған журналист Нұрбек Бекбау Instagram парақшасында мәлім етті.

"Жермен-жексен болған түріктің қала-ауылдарына "100 киіз үй" науқанын қолға алсақ" деп жазба жарияладым. Бұл жәй ғана сөз күйіндегі ой еді. Тимур ағам бастаған қазақтың 12 жігітінің жөні бөлек. Бұл батырларға Қаһарман-Мараштың жұрты риза болды. "Қазақтар төтенше жағдайда сұмдық жылдам жұмыс істейді екен. Түрік құрылысшылары бір киіз үйді көтергенде, қазақтар 7-8 отауды құрып тастап жатты" деп разылығын білдіріп отыр.

"Қиын жағдай түріктерде емес, өзінің үйінде болғандай жан аямай, сарқыла жұмыс істеді. Пысық екен" деп, Түркияның билік ұстағандары да айтып жатыр. Бұл істе бүкіл қазақтың хақысы, үлесі бар. "Садақа келе жатқан бәлені алыстатады" деген. Қазақ ұлты боп жасаған осы садақамыз — ұлтымызға, мемлекетімізге төніп келе жатқан кесір-кесапатты алыстатқай! Тәңір мемлекетімізді, ұлтымызды күн сөнгенше аман сақтағай", - деді Нұрбек Бекбау.

"Қиын сәтте жанымыздан табылып, үйсіз-күйсіз қалғанда, соңғы тиынын қиып, көмектесіп жатқан қазаққа қарыздармыз. Жақсылықтарыңды ұмытпаймыз" деуде. Рас, түрік - жақсылықты да, қиянатты да ұмытпайды.

Киіз үйлеріміз — тек қана баспана емес. Бұл болашаққа инвестициямыз. Бірнеше заман өткенде, Түркияда тұрып жатқан қазаққа да, қыдыра келгеніне де жылы шырай танытатын болады", - деді Нұрбек Бекбау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009976-turkiyada-zilzaladan-zardap-sekken-xalyq-kiiz-ui-usin-qazaqtarga-algys-bildirdi-foto-video/

pixel