jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Алматыда осы аптада 13 градусқа дейін жылы болмақ

Алматыдағы Достық даңғылы
Қысқы Алматы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Осы аптада Алматыда 13 градусқа дейін күн жылынады, деп күтілуде. Синоптикердің болжамы "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтында жарияланды.

Метеорологтардың мәліметінше, дүйсенбі, 20 ақпанда оңтүстік астанада +3...+5 градус жылы болады.

Сейсенбіде +6...+8 градусқа дейін жылынады. Әрі қарай ауа температурасы тек көтеріліп, 23 ақпанда күндіз сынап бағанасы +11...+13 градусқа дейін жетеді.

23 ақпанда түнде ауа температурасы -2...-4 градус болса, 24 ақпанда күндіз +1...+3 градусқа дейін қайта көтеріледі.

Ал жауын-шашынға келетін болсақ, осы аптада синоптиктер Алматыда көшпелі бұлт шыққанымен, ауа райы ашық болатынын айтады.

Дегенмен жұма, 24 ақпанда қалада өткінші жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ күтілуде. Десе де, ауа температурасы +8...+10 градусты көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 20 ақпанда Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Алматыда осы аптада 13 градусқа дейін жылы болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.