jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

"Үйінді астынан қыздың дауысы шықты": астаналық құтқарушы зілзала ошағынан тірі адамдарды қалай тапқанын айтты

Азамат Бердіқұлов сұхбат беруде
Азамат Бердіқұлов. Фото: "Хабар" арнасы

Түркиядағы жер сілкінісінен соң құтқару жұмыстарына қатысқан астаналық Азамат Бердіқұлов "Хабар" арнасындағы "Оян" бағдарламасында қонақ болып, зілзала ошағындағы жантүршігерлік жайттарды бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Түркиядағы жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Нұрдағы қаласындағы құтқару жұмыстарына белсене қатысқан.

"Түркияға баратын құтқарушылар тізімі 7 ақпан күні кешкісін жарияланды. Ал 8 ақпан күні біз Газиантеп қаласына ұшып келдік. Келсек, қалада электр жарығы жоқ. Тұрғындардың барлығы палаткада от жағып, жылынып отыр екен. Кішкентай балалардың жүгіріп келіп, жамылатын нәрсе сұрағаны жүрекке қатты тиді. Арасында емізулі сәбилер де бар.

Алғашқы күндері 24 сағат бойы дамылсыз жұмыс істедік. Өйткені тірі адамды табатын мүмкіндік жоғары еді. Отыз адамнан құралған біздің тобымызға участок берді. Сол күні таңертеңнен кешке дейін бізде еш нәтиже шықпады. Кешке қарай біраз үйіндіні қазған соң, үміт пайда болды. Бір қыздың дауысын естідік.

Жергілікті уақытпен сағат түнгі 2-3 шамасы еді. Сол кезде екі әйелдің дауысының арқасында тағы бір жасы үлкен ер адамды алып шықтық. Ер адам үйінді астында үш күннен аса жатқан, қатты қысылып қалған. Оған құрал-саймандарымызды арқалап барудың өзі оңай болған жоқ. Біздің ойымызша, 15-20 минут жұмыс істеген сияқтымыз. Бірақ бұған үш-төрт сағат уақыт кетті", - дейді Азамат Бердіқұлов.

"Үйінді астынан қыздың дауысы шықты": астаналық құтқарушы зілзала ошағынан тірі адамдарды қалай тапқанын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.