Түркия президенті Ердоған: Бір жылда апат аймағында 270 мыңдай үй салу жоспарлануда
Жарияланған күні:
Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған зілзала болған Газиантеп провинциясы Нурдағы қаласының тұрғындарымен кездесіп, апат болған аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары наурыз айында басталатынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған сейсенбі күні Газиантеп провинциясының Нурдағы қаласына барған сапарында зілзала болған аймақта мыңдаған жаңа тұрғын үй бой көтеретінін айтты.
"Бір жыл ішінде он бір провинцияның қалаларында 200 мыңға дейін тұрғын үй салу жоспарлануда. Апат аймағындағы ауылдарда тағы 70 мың үй салынады" , - деді ол.
Түркия президенті апат аймағындағы жағдай толық тексерілген соң салынатын тұрғын үйлердің нақты саны анықталатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы соңғы апталарда Газиантеп провинциясынан 87 мың тұрғын елдің басқа аймақтарына эвакуацияланғанын жеткізді.
Ердоған Газиантеп провинциясындағы қираған аудандарды қалпына келтіру кезінде олардың тарихи ерекшеліктері, этникалық картасы ескерілетінін тілге тиек етті.
Сонымен бірге халық пен мемлекет арасындағы бірлік апаттың салдарын жоюға көмектеседі, дейді ол
Еске сала кетсек, соңғы деректерге сәйкес 6 ақпан күні болған Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 42 мыңнан асты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2010413-turkiya-prezidenti-erdogan-bir-zylda-apat-aimagynda-270-myndai-ui-salu-zosparlanuda/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.