jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Аяз бен жел: жексенбі күні Қазақстан мегаполистерінде қандай ауа райы болады

Қысқы таң
Қыс. Көрнекі фото: Рexels.com

Жексенбі, 26 ақпан күні Қазақстанның үш қаласында да – Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Синоптиктердің болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Ауа райы болжамы бойынша Алматыда бүгін күндіз 0-ден 2 градусқа дейін жылы болады, түнде ауа температурасы -6...-8 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік астанада жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді.

Астанада бүгін де жауын-шашын күтілмейді, күндіз термометрлер -9...-11, түнде -12...-14 градус аязды көрсетеді. Қала тұрғындарына желдің секундына 9-14 метрге дейін күшейетіні ескертіледі.

Шымкентте күндіз 7-9 градус жылы болады, түнде 0...-2 градусқа дейін суытады. Жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің 14 өңірінде дауылдық ескерту жарияланған болатын.

Аяз бен жел: жексенбі күні Қазақстан мегаполистерінде қандай ауа райы болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.