jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Тұман, көктайғақ: сенбіде еліміздің ірі мегаполистерінде күн райы қандай болады

Шық
Көктем. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде жауын-шашын, жаңбыр аралас қар, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарланды "Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметінің сайтында.

Синоптиктердің мәліметінше, елімізге Қара теңіз аудандарынан жылдам ауысатын антициклон, ал оның артынан елдің батысына орталығы Скандинавия түбегіндегі циклон жырасы әсер етеді.

Сондай-ақ Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын-шашын, желдің күшеюі күтіледі. Тек елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болжануда.

Сонымен қатар ел бойынша тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.

Алматыда ауа райы көшпелі бұлтты болып, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температуры түнде +1+3 °C, күндіз +12+14 °C-қа дейін жылынады.

Астанада ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз -4-6 °C болса, түнде -11-13 °C-қа дейін күн суытады.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, күндіз ауа температурсы +4+6 °C жылы болса, түнде +1+3 °C жылынады.

Айта кетейік, 4 наурызда Астанада және басқа да облыстарда дауылдық ескерту жарияланған болатын.

Тұман, көктайғақ: сенбіде еліміздің ірі мегаполистерінде күн райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.