Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлмира Сатыбалдыға қандай айып тағылып отырғаны белгілі болды

Жарияланған күні:

Күдікті әйел
Күдікті әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, Астанада Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды. Прокурор айыпталушыға қандай айып тағылғанын айтты, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Айыптаушы тарап Гүлмира Сатабылдыға мынадай қылмыстар бойынша айып тағылғанын мәлімдеді:

  • Қылмыстық кодекстің 389-бабының ("Өзінше билік ету") 3-бөлігі – күш қолдана отырып немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы немесе адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру;
  • 28-баптың 3-бөлігі, 125-баптың 2-бөлігі 1, 8 тармағы бойынша – алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен жасалған қылмыс, адам ұрлауды ұйымдастыру.

Алайда Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты.

"Толығымен мойындамаймын", - деді Гүлмира Сатыбалды сот отырысында.

Еске сала кетейік, былтыр наурыз айында Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдының ұсталғаны белгілі болған еді. Жемқорлыққа қарсы агенттік Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Одан бөлек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдының Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Сонымен қатар 2022 жылдың қыркүйек айында Антикор Гүлмира Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорынның қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Желтоқсан айында Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің екі дерегі, соның ішінде адам ұрлау фактісі бойынша тергеуді аяқтағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012807-sotta-gulmira-satybaldyga-qandai-aiyp-tagylyp-otyrgany-belgili-boldy/