Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамдар машинада түнеген": Ақтөбеде аудан әкімі мен тұрғындардың үйі су астында қалды

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Қобда ауданын су басты
Су басқан Ақтөбе облысы Қобда ауданы. Фото: Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы Қобда ауданы еріген қар суының астында қалды. Тұрғындармен бірге аудан әкімінің де үйін су басқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үйлер бір тәуліктен аса су астында тұр. "Жалғыз баспанам жарамсыз боп қала ма?" деп алаңдаған халық үреймен жүр.

"Үй саман кірпіштен салынған. Су астында қалғанына бір тәуліктен асты. Мал қора түгелдей суға кетті. Содан құлап, жермен жексен болды. Бәрі кешкілік басталды. Су бір сағатта үйге кіріп келді. Үйден тек балаларды шығарып, құжатымызды ұстап шықтық. Киіп жүрген киімімізбен жүрміз. Жөндеуді былтыр ғана жасаған едік. Өте өкінішті. Судың қайтатын түрі жоқ", – дейді аудан тұрғыны Балауса Дәнекешова.

Ауыл тұрғындары ауруханалар мен туыстарының үйін паналап жүр. Кейбірі түнде машинаға түнеп шыққан.

Ақтөбе облысы Қобда ауданында тұрғындар машинаға түнеген
Су басқан Ақтөбе облысы Қобда ауданы. Фото: Ардақ Ерубаева

"Кеше кешке сағат 6-да үйіміз суға кете бастады. Бір тәулік өтті. Далада жүрдік. Кейін көршіге барып едік, ол үйге де су кіре бастады. Содан машинаның ішіне мен, күйеуім, көрші болып қонып шықтық", – дейді ауыл тұрғыны Айнаш Сарыбаева.

Тұрғындармен бірге аудан әкімі де су кешіп жүр. Белгілі болғандай, әкімнің үйі де суға кеткен.

Ақтөбе облысы Қобда ауданын су басты
Су басқан Ақтөбе облысы Қобда ауданы. Фото: Ардақ Ерубаева

"Менің де үйім суға кетті. Бірақ өзімнің үйім туралы айтқым келмейді. Сондай жағдайда тұрмын. Елмен біргемін. Қазір ағайынымның үйінде тұрып жатырмын", – дейді Қобда ауданының әкімі Болат Құлов.

Қобда ауданында 47 ауланы су басқан. Оның ішінде 15-і тұрғын үй. Су басқан аудан орталығын аралаған облыс әкімі төтенше жағдай жариялау қажетті болса, шұғыл шешім қабылданатынын айтты.

Ақтөбе облысы Қобда ауданын су басты
Су басқан Ақтөбе облысы Қобда ауданы. Фото: Ардақ Ерубаева

"Тексеріледі. Бір адам да қалмайды, бәріңізді қолдаймыз. Бірақ енді обьективті түрде қараймыз. Халықтың жағдайы жасалады. Оған ешқандай қам жемеңіздер. Сағыз өзені де тасыды. 1975 жылы солай болған екен. Биыл қайталанды. Бәріңізге амандық тілейміз", – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Ақтөбе облысы Қобда ауданын су басты
Су басқан Ақтөбе облысы Қобда ауданы. Фото: Ардақ Ерубаева

Материал авторы: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012888-adamdar-masinada-tunegen-aqtobede-audan-akimi-men-turgyndardyn-uii-su-astynda-qaldy-foto/

pixel