Елімізде мектеп оқушыларының көктемгі демалысы қашан басталады
Опубликовано:
Биыл мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 9 күнге созылады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі Instagram-дағы ресми парақшасында.
Ведомство хабарлауынша, мектеп оқушылары үшін көктемгі демалыс 2023 жылғы 18 наурыз бен 26 наурызды қоса алғанда 9 күнге созылады.
Айта кетейік, былтыр қазақстандық мектеп оқушылары көктемде 12 күн - 19 наурыз бен 30 наурыз аралығында демалса, 2021 жылы мектептерде көктемгі демалыс 20 наурызда басталып, 1 сәуірге дейін созылған еді.
Еске салайық, оқу жылының басында биыл күзгі, қысқы, көктемгі демалыстардың уақыты қысқарып, оқу жылының өзі 31 мамырға дейін ұзартылатыны хабарланған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2013113-elimizde-mektep-oqusylarynyn-koktemgi-demalysy-qasan-bastalady/