jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның төрт облысында өзендердегі су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін

Көше
Жаңбыр суына ьолған көше. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнде Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қарағанды ​​облыстарында су басу қаупі жоғары екенін ескертті, деп хабрлайды "Қазгидромет" РМК сайтында.

"Қазгидромет" мәліметінше, аталған төрт облыста да 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында дауылдық ескерту жарияланып отыр.

Синоптиктердің болжамынша, Қарағанды ​​облысында қар еруінің жалғасуы мен еріген ағынды сулардың қосылуына байланысты өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

Сонымен қатар Абай, Ақтөбе (Мартөк, Қарғалы, Хромтау, Әйтеке би аудандары, Ақтөбе қаласы) өңірлерінде және Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашынға, еріген қарға байланысты, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, судың жайылуы және тасқын күтілуде.

Айта кетейік, бұған дейін наурыз айының соңғы күндері кей өңірлерде қатты жаңбыр жауып, күн суытуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Қазақстанның төрт облысында өзендердегі су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.