jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша басты сот талқылауы қашан өтетіні белгілі болды

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: primeminister.kz

Бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып жатқан Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де тұлғаларға қатысты сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Facebook-тегі Астана соттары ресми парақшасында хабарланды.

Белгілі болғандай, экс-министр мен өзге де фигуранттарға қатысты қылмыстық іс Астана қаласының Байқоңыр ауданының № 2 сотына келіп түскен.

"Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы 2023 жылғы 17 сәуір сағат 10:00-ге белгіленді. Сот отырыы ашық форматта өтеді", - делінген хабарламада.

Арыстанбек Мұхамедиұлынан бөлек, бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып жатқандардың қатарында Нұразхан А.Ш., Көшенов А.К. және Сәдуақасаова А.Т бар.

Еске салайық, 2022 жылғы мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Ұлттық музей басшылығы мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында бюджет қаражатын (146 миллион теңге сомасында) жымқыру белгілері бойынша күдікке ілінгенін хабарлаған болатын.

Екі аптадан кейін Ұлттық музейдің сол кездегі директоры, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалғаны оның екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.

Содан бері Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды.

Сондай-ақ Антикор қылмыстық іске қатысты жаңа мәліметтерді бөліскен болатын.

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша басты сот талқылауы қашан өтетіні белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.