jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте футбол жанкүйелері арасында жаппай төбелес болды (видео)

Футбол
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері төбелесіп қалды. Оқиға орнына барған полиция 20 адамды ұстап әкеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін әлеуметтік желілерде топ-тобымен жанжалдасқан ер адамдардың видеосы тарады. Анықталғандай, жұдырықтасқандар футбол командаларының жанкүйерлері болып шыққан.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіпсіздік жасаған 20 адам ұсталған.

"Еңбекші АПБ-на 102 арнасы арқылы Уәлиханов көшесіндегі "Прага" кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барды.

Белгілі болғандай, "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік орын алған. Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда", - деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаменті.

Автор: Жанар Пердешқызы

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Шымкентте футбол жанкүйелері арасында жаппай төбелес болды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.