jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

"Олар аузын қара сумен ашады": атыраулық бір топ жас Африкадағы жетім балаларға ауызашар жасап берді (видео)

Африка еліндегі жетім балаларға арналған ауызашар
Африка еліндегі ауызашар. Фото: maqat-tynysy.kz

Атырау облысында бір топ жас Африкадағы жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне арнап ауызашар берді. Бұл туралы "Мақат тынысы" газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Дастархан 60 балаға арналып жайылды. Ұйымдастыру жұмыстарын Африкадағы мұсылман халқына ауызашар беретін қор қолға алған. Мақат ауданындағы 14 белсенді жас сол қорға ақша аударған.

"Қасиетті Рамазан айындағы игі істердің төресі - ауыз аштыру. Африка мұсылмандары ауызды қара сумен ашатынын естіген соң, ас беру туралы ой туындады. Олардың күнкөріс деңгейлері өте төмен. Оның үстіне, елімізде ауызашар беріп жатқандар өте көп. Өңірлердегі әрбір мешітте де ауызашар тегін ұйымдастырылады. Аталған елдегі халықтың жағдайына қарап шүкіршілік етейік деген ой келді" - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетелік, бұған дейін Ақтауда ауызашардан он дәрігердің уланып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

"Олар аузын қара сумен ашады": атыраулық бір топ жас Африкадағы жетім балаларға ауызашар жасап берді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.